Құтқарушылар өрт шыққан пәтерден 1953 жылы туған ер адамның мәйітін тапқан. Бұл туралы Қарағанды Төтенше жағдайлар департаменті хабарлаған.
ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, құтқарушылар екі бала мен ондаған адамды эвакуациялаған. Өрттің шығуына электр сымдарының тұйықталуы себеп болған.
Өрт сөндіруге 7 техника мен 30 құтқарушы жұмылдырылған.
Фото: Интернеттен