Malim.kz
Әлем

Қарттар үйінен өрт шығып, 20 адам қаза тапты

Сұлу Бөлек

Қытайдың солтүстігіндегі Хэбэй провинциясындағы қарттар үйінен өрт шығып, 20 адам қаза тапты, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі.

Синьхуа агенттігінің мәліметінше, өрт сейсенбіде кешкі сағат 21:00 шамасында Чэндэ штатындағы Лонхуа округінде тұтанған.

Жергілікті биліктің мәліметінше, өрт кезінде ғимаратта 39 қарт адам болған.

"Өрт шамамен сағат 23:00-де сөндірілді. Сәрсенбіде таңғы сағат 3.00-тегі жағдай бойынша 20 адамның қаза болғаны расталды. Қалған 19 адам медициналық бақылаудан өту үшін ауруханаға жеткізілді", - делінген хабарламада.

Қазір қарттар үйіне жауапты тұлға полиция бақылауына алынды. Қайғылы оқиғаның себептерін анықтау жалғасып жатыр.

Фото: perak.sinchew.com

Сұлу Бөлек
Автордың басқа материалдары