Malim.kz
Қоғам

Қарыздан құтылу үшін билетті 3 есе қымбаттату керек – ҚТЖ

Арман Қайыпхан

Бүгін Мәжілісте ҚТЖ-ның 2,9 триллион теңге қарызы бар екенін айтылды, деп хабарлайды Malim.kz.

Компанияның өкілі Қанат Әлмағамбетов шығынның бәрін жабу үшін билет бағасы 3 есе қымбатқа сатылу керектігін айтты.

Ол бірақ 2024 жылы пойыз билеттерінің бағасы өспейтінін атап өтті.  Айтуынша, компания бағаны жылына бір рет көтереді.

Биыл билет бағасы 7 пайызға көтеріліп қойған.

Фото: ҚТЖ

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары