Malim.kz
Экология

Қашаған операторының активтері бұғатталды

Айгүл Таңатар
atr.kz

Қазақстан билігі Қашаған кен орнын игеретін North Caspian Operating Company (NCOC) компаниясының бірқатар активтері мен көлік инфрақұрылымына шектеу қойды. Бұл шешім экологиялық талаптарды бұзғаны үшін салынған шамамен 2,3 трлн теңге (5 млрд долларға жуық) көлеміндегі айыппұлдың төленбеуіне байланысты қабылданған. Қазіргі уақытта дау халықаралық арбитражда қаралып жатыр.

Қазақстан тарапының мәліметінше, айыппұл күкіртті сақтау талаптарының бұзылуына қатысты салынған. NCOC айыптаулармен келіспейтінін мәлімдеп, өз ұстанымын халықаралық құқық аясында қорғайтынын хабарлады. Компания консорциумының құрамына әлемдік ірі мұнай-газ компаниялары кіреді.

Қашаған – Қазақстанның ең ірі мұнай жобаларының бірі және ел экономикасы үшін стратегиялық маңызы бар кен орны.

Бұл дау экологиялық талаптардың сақталуы мен шетелдік инвесторлардың жауапкершілігіне қатысты маңызды құқықтық сынаққа айналып отыр. Даудың нәтижесі Қазақстанның инвестициялық ахуалы мен мұнай-газ секторындағы құқықтық тәжірибесіне әсер етуі мүмкін, деп хабарлайды Malim.kz.

Айгүл Таңатар
Автордың басқа материалдары