Malim.kz
Қоғам

«Қатын құтырған заман болды». Белгілі ақын психологтарды сынға алды

Айбын Атабай
видеодан скрин

Ақын Бақыт Беделхан журналист Қанат Тілеуханның юту арнасына берген сұхбатында эфирде, әлеуметтік желілерде әйелдердің құтырғанын айтты. Оларға ықпал етіп отырған психологтар деген пікір білдірді, деп хабарлайды Malim.kz.

«Олар еркектің күңі емессің, енең, атаң саған ешкім емес, олар сенің жұмысыңа, отбасыңа араласпасын. Сен өмірге бір-ақ рет келесің. Неге дұрыс өмір сүрмейсің? Жаның нені қалайды солай өмір сүр. Ол қазақтың бұрыннан келе жатқан қасиетті қарашаңырағын ұстап тұрған әйелдер мына заманда әрең жүргенде анау рахат. Шынжырынан босанған ит сияқты бәрі гу ете қалды. Соның (психологтардың ред) кесір кесапаты тиіп жатыр», - дейді Бақыт Беделхан.   

Айбын Атабай
Автордың басқа материалдары