Malim.kz
Қоғам

Қазақ боксшысы қарсыласын 37 секундта жеңді

Арман Қайыпхан

Бокстан Шри-Ланкада өткен U22 Азия чемпионатының финалында Аружан Жаңабаева жетінші жетінші болып шаршы алаңға шықты, – деп хабарлайды Malim.kz.  

63 келіде Аружан Жаңабаева ақтық сында жарыс қожайыны Мудиансе Найакаразнаны 1-раундта айқын басымдықпен жеңді. 

Спортты дамыту дирекциясы мәліметінше, жекпе-жек небәрі 37 секундқа ғана жалғасты.

Айта кетейік, жарыста ерлер құрамасы 10 алтын, 2 күміс медаль жеңіп алса, қыздар 9 алтын, 3 күміс медаль иегері атанды.

Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары