Бұл туралы malim.kz тілшісі Диас Нұрақын атты қолданушының расталған парақшасындағы постқа сүйеніп хабарлайды.
Диас Нұрақынның жазуынша - оған Алматы қаласындағы "Кристал" тұрғын үй кешені тұрғындары осы видеоны жіберген.
Оқиға бүгін таңертең (7 қарашада) орын алыпты. Салынған видеода лифт шахтасы деп көрсетілген нысанды су алып жатыр. Пост авторы ол су әрі қарай 20 қабатты осы үйдің іргетасн әлсіретпей ме деген сауал қояды.