Қазақ телевизиясының дамуына елеулі үлес қосқан белгілі журналист Тілеуқабыл Мыңжасар 74 жасында өмірден өтті, деп хабарлайды Malim.kz.
Тілеуқабыл Мыңжасар ұзақ жылдар бойы отандық телевизия саласында еңбек етіп, білікті журналист ретінде танылды. Оның кәсіби жолының елеулі бөлігі «Хабар» агенттігімен байланысты болды.
Журналист 1998 жылдан бастап «Хабар» телеарнасының Алматы облысы бойынша меншікті тілшісі қызметін атқарды.
Тілеуқабыл Мыңжасардың қазасына байланысты марқұмның туған-туыстары мен әріптестеріне көңіл айтамыз.
Жаназа 29 тамыз күні сағат 10:00-де Алматы қаласындағы өз пәтерінде өтеді.
Мекенжайы: Алматы қаласы, Розыбакиев көшесі, 289-үй, 80-пәтер (Әл-Фараби даңғылының қиылысы).