Malim.kz
Қоғам

Қазақ телевизиясының ардагері Марат Сандықбаев дүниеден озды

Арман Қайыпхан
Фото: «Қазақстан» РТРК

Қазақ телевизиясының ардагері Марат Сандықбаев 70 жасқа қараған шағында өмірден өтті, деп хабарлайды Malim.kz.

Марат Сандықбаев еңбек жолын 1974-1975 жылдары Жезқазған облыстық телевизиясында кинооператор, телевизия және радио дикторы қызметінен бастап, кейін «Қазақстан» РТРК» АҚ-ның Алматы филиалының директоры қызметтерін атқарды.

«Қазақстан» РТРК» АҚ-ның Басқарма төрағасы Ернұр Бурахан Марат Иманғалиұлының дүниеден өтуіне байланысты Сандықбаевтар әулетіне көңіл айтты.

«Марат Иманғалиұлы – елдік іске адалдығымен, байыпты болмысымен айналасына сыйлы тұлға, арда азамат еді. Өмір жолында абыройлы еңбек етіп, ұлттық телевизия саласының дамуына зор үлес қосты. Адамгершілігі мен парасаты, ұстаздығы, сабырлы мінезі мен ізгі қасиеттері жадымызда мәңгі сақталады»,-деп атап өтті Басқарма төрағасы Ернұр Бурахан.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары