Malim.kz
Саясат

Қазақстан адам бостандығы рейтингінде 75 орында

Malim Админ

Finprom.kz сайтының мәліметінше, Қазақстан 162 мемлекеттің ішінде адам бостандығы индексі бойынша 75 орынға жайғасқан.

Рейтинг адамның жеке және экономикалық бостандығы негізінде жасалған. Оған:

Зерттеу нәтижесі бойыша, Қазақстандағы адамдардың жеке бостандық индексі – 6,85, экономикалық бостандығы – 7,12 баллға бағаланған. Адамның жеке бостандығы бойынша Қазақстан - 90, ал экономикалық бостандығы бойынша 73 орында.

ТМД елдері арасында Армения – 47, Қырғызстан – 70, Беларусь – 99, Ресей – 115 орында. Әлемдік рейтингті Жаңа Зеландия, Швецария, Гонконг бастап тұр.

Қазақстан, Ресей, Беларусь елдерінде соңғы бір жылда халықтық толқулар жиі болуда. Билік оларды полиция мен арнайы жасақты пайдалану арқылы күшпен таратуда.

Malim Админ
Автордың басқа материалдары