Malim.kz
Әлем

Қазақстан армиясы A400M әскери ұшағымен толығады

Malim Админ

Ұшақ Қазақстанға 2024-жылдың соңына дейін келуі керек. Бұл туралы АқЖайық сайты хабарлады.

Мұндай ұшақты алуға Қазақстаннан басқа тағы 8 мемлекет ниет танытқан. 
Airbus A400M — ауыр жүк тасымалдайтын әскери-көлік ұшақ саналады. Әуе кемесі әскери және азаматтық гуманитарлық миссия аясында ұшады. Оның сыртында, түрлі төтенше жағдайда жедел әрекет етуді ұйымдастыра алады.

Airbus A400M ұшағын Қазақстанға жеткізу келісімінде персоналды оқыту және техникалық қолдау көрсету қызметтер пакеті қамтылған. Ұшаққа 2021-жылы тапсырыс берілген.

Фото: АқЖайық

Malim Админ
Автордың басқа материалдары