Malim.kz
Қоғам

Қазақстан ажырасу бойынша әлемде 2-орында деген ақпарат жалған болып шықты

• Malim Админ

Ажырасу коэффициенті 4.6 тең Қазақстан Мальдив аралдарынан кейін екінші орында тұрғаны туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Бұл жалған деректің негізгі көзі worldpopulationreview.com сайтындағы мақала болған, - делінген хабарламада.

Бюро мәліметіне қарағанда, 2022 жылдың қорытындысы бойынша елімізде ажырасу коэффициенті 1000 адамға шаққанда 2,27 құраған.

2020, 2021 жылдармен салыстырғанда, коэффициенттің төмендеуі байқалады – тиісінше, 2,56 және 2,54.

2023 жылдың қорытынды деректері алдағы сәуір айында жарияланады, - делінген хабарламада.

Бюро мақала авторларына әлемдік ресурста қате берілген деректер бойынша хат жолдағандарын хабарлады.

Сондай-ақ Бюро ресми дереккөздерге сілтеме жасауды және таратылатын деректерді алдын ала тексеріп отыруды ескертеді.

Фото: qazaqstan.tv

Malim Админ
Автордың басқа материалдары