Malim.kz
Әлем

Қазақстан біздікі еді - Путин

Ереке Базарқұл
© Wikimedia Foundation / Creative Commons лицензиясы

АҚШ-та Джордж Вашингтон университеті жанындағы «Ұлттық қауіпсіздік мұрағаты» атты үкіметтік емес ұйым өз сайтында Владимир Путиннің АҚШ президенті кіші Джордж Бушпен 2001, 2005 және 2008 жылдары жүргізген келіссөздерінің үш стенограммасын жариялады. Бұл туралы BBC басылымы жазыпты.

Құжаттарға қарағанда, Бушпен алғашқы кездесудің өзінде-ақ Кремль басшысы Ресей өзінің «мыңдаған шақырым ықпал аумағын өз еркімен беріп қойғанын» айтып шағымданған. Осы орайда Путин Қазақстанды, Украина мен Кавказды атап өткен. Бұған қоса, NATO-ның кеңеюіне қарсылық білдірген.

Алғашқы құжатта 2001 жылғы 16 маусымы күні көрсетілген. Сол күні Путин мен Буш Словения астанасы Люблянадағы «Брдо» қамалында алғаш рет жеке жүздескен.

Джордж Буш 2000 жылы АҚШ-тың 43-президенті болып сайланып, 2001 жылдың қаңтарында ант қабылдады. Ол кезде Путин де президент қызметіне салыстырмалы түрде жақында ғана келген еді: ол 2000 жылғы наурыздағы сайлауда жеңіске жеткен.

Стенограммаға сүйенсек, екі лидер де бірі біріне меймандостық қабақ танытып, Ресей мен Батыс арасындағы жақсы қарым-қатынасты сақтауға ниетті екендерін көрсеткен.

Кездесудің басында Буш Путинді Техастағы өз ранчосына шақырып, ресейлік лидерге «Ресейдің рөлін кемсіткісі  келмейтінін» айтып, «берік Ресей – біздің де мүддеміз» деген.

Жауап ретінде Путин қарым-қатынаста ашық болуға үндеп:

— «Мені Ресей халқы тыңдайды, өйткені мен халықты тыңдаймын», —

депті.

Путин бұған қоса:

— «Ресей азаматтары өздерін алдап кетті деп есептейді: ауқымды өзгерістер оларға көбірек еркіндік әкелді, бірақ олар сол еркіндікті пайдалана алмай отыр», —

деген екен.

Ереке Базарқұл
Автордың басқа материалдары