Malim.kz
Қоғам

Қазақстан: бұл күн тарихта несімен ерекше?

Айгүл Таңатар
Ашық дереккөзден

1996 жыл – Қазақстан Халықаралық валюта қорының (ХВҚ) VIII бабына қосылды. Осы арқылы ел халықаралық ағымдағы операциялар бойынша валюталық шектеулерді алып, әлемдік қаржы жүйесіне интеграцияны күшейтті, деп хабарлайды Malim.kz.

Сондай-ақ 16 шілдеде:
- 1999 жыл – Боливияның астанасы Ла-Пас қаласында ЮНЕСКО Бас директоры Федерико Майор Астанаға «Бейбітшілік қаласы» халықаралық байқауының жеңімпазы медалі мен сертификатын тапсырды. Осылайша жас елордамыз халықаралық деңгейде мойындалды.

- 2001 жыл – Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті жанынан «Отырар кітапханасы» ғылыми орталығы құрылды. Орталық қазақ тарихы мен жазба мұрасын зерттеуге бағытталды.

- 2011 жыл – Астана уақытымен сағат 05:16-да Байқоңыр ғарыш айлағы аумағынан қазақстандық KazSat-2 байланыс жер серігі сәтті ұшырылды. Бұл елдің тәуелсіз спутниктік байланыс жүйесін дамытудағы маңызды кезең болды.

Айгүл Таңатар
Автордың басқа материалдары