Malim.kz
Қоғам

Қазақстан Израильден өз азаматтарын шығарып алуға көмек сұрады

Айбын Атабай
gov.il/Шалев Ман

Қазақстан билігі Израиль тарапынан осы елде жүрген отандастарымызды эвакуациялауға жәрдемдесуді сұрады. Бұл мәселе Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев пен Израильдің Сыртқы істер министрі Гидеон Саардың телефон арқылы сөйлесуі кезінде көтерілді, деп хабарлайды Malim.kz ведомствоға сілтеме жасап.

Тараптар Таяу Шығыстағы қазіргі шиеленісті жағдайды және екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады. Келіссөз барысында Ермек Көшербаев қазақстандықтарды қауіпсіз жерге шығару мәселесі мемлекет үшін ең маңызды басымдық екенін атап өтті.

«Е. Көшербаев израильдік әріптесіне Израильдегі ҚР азаматтарын эвакуациялауға жәрдемдесу туралы өтініш білдіріп, бұл міндет еліміз үшін бірінші кезектегі мәселе екенін жеткізді», — деп хабарлады СІМ баспасөз қызметі.

Өз кезегінде Гидеон Саар Израиль тарапы Қазақстан азаматтарын эвакуациялау мәселесін шешу үшін бар күш-жігерін салатынын айтты. Министр бұл процестің оның жеке бақылауында болатынына сендірді.  

Бұған дейін Таяу Шығыс елдерінен қанша қазақстандық елге қайтарылғанын жазған едік. 

Айбын Атабай
Автордың басқа материалдары