Malim.kz
Білім-ғылым

Қазақстан мен Корея: Зияткерлік меншік саласындағы серіктестік

Ереке Базарқұл
©gov.kz

2026 жылғы 3-4 наурызда Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі мен Корея Республикасының IIPTI институты бірлесіп «Цифрлық ортадағы тауар белгілерін қорғау» тақырыбында онлайн-тренинг өткізді.

Бұл шара Қазақстанның сыртқы саяси бағытындағы зияткерлік меншік саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың айқын көрінісі болды. Кореялық патенттік өкіл Чан Хок Сок цифрлық коммерциядағы құқық қорғаудың өзекті мәселелерін таныстырды. Жиынға «QazTrade» АҚ, «Каспи магазин» ЖШС секілді ұйымдар мен мемлекеттік органдар қатысты. Іс-шара екі ел арасындағы институционалдық байланысты нығайтып, цифрлық экономика жағдайында құқық қолдану тетіктерін жетілдіруге ықпал етті.

Ереке Базарқұл
Автордың басқа материалдары