Malim.kz
Қоғам

Қазақстан мен Украина өзара іс-қимылды күшейтпек

Арман Қайыпхан
Фото: СІМ

Қазақстан Сыртқы істер министрі Украина Елшісін қабылдады, деп хабарлайды Malim.kz.

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Қазақстан Республикасындағы Украина Төтенше және Өкілетті Елшісі Виктор Майкомен кездесу өткізді.

Кездесу барысында тараптар қазақ-украин ынтымақтастығының қазіргі жай-күйі мен даму перспективаларын, сондай-ақ екіжақты және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.

Әңгімелесушілер өзара қызығушылық тудыратын басым бағыттар бойынша өзара іс-қимылды одан әрі дамытуға мүдделілігін растады.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары