Malim.kz
Спорт

Қазақстан мен Венгрия матчы кейінге шегерілді

Арман Қайыпхан
Фото: ҚФФ

Қазақстан мен Венгрия ұлттық құрамалары арасындағы маусым айына жоспарланған жолдастық матч Қазақстаннан Венгрияға ауыстырылды, деп хабарлайды Malim.kz Sportarena-ға сілтеме жасап.

Қазақстан футбол федерациясы мен Венгрия футбол федерациясының келісімі бойынша кездесу 9 маусым күні бұрын жоспарланған Түркістанда емес, Дебрецен қаласындағы "Надьердеи" стадионында өтеді.

Осылайша, маусым айындағы халықаралық үзіліс кезінде Қазақстан құрамасы екі сырт алаңдағы матч өткізеді: 6 маусымда команда Ереванда Арменияға қарсы ойнаса, 9 маусымда Дебреценде Венгриямен кездеседі.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары