“Қапланбек” өткізу пунктінде Өзбекстанға өтуді күтіп тұрған азаматтардың жиналған, деп хабарлайды Malim.kz.
Мәліметке сәйкес, бұл жағдай көршілес аумақта орналасқан “Новои” өткізу пунктінің тіркеу жүйесіндегі техникалық іркілістерге байланысты болған.
Қазіргі уақытта Қазақстан тарапындағы өткізу пункті штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Ешқандай шектеулер енгізілмеген.
Шекара қызметтері арасында өзара іс-қимыл ұйымдастырылған. Өзбек тарапы ақауларды жою және өткізу пунктінің жұмысын қалпына келтіру шараларын жүргізіп жатқанын мәлімдеді.
Азаматтарға сапарларын жоспарлау кезінде аталған жағдайды ескеру ұсынылды.