Malim.kz
Қоғам

Қазақстан полициясы Екатерина Биволға іздеу жариялады

Арман Қайыпхан

Қазақстан полициясы жартылай ауыр салмақтағы әлем чемпионы Дмитрий Биволдың бұрынғы жұбайы Екатерина Биволды іздеуге кірісті, деп хабарлайды Malim.kz КазТАГ-қа сілтеме жасап.

Ол әлеуметтік желіде қазақстандықтарды қорлап, ұлтаралық араздық тудыратын сөздер айтқаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылып жатыр.

«Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сіздің сұрауыңызда көрсетілген тұлғаға қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасымен іздеу жарияланды. Қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеу жалғасуда», – делінген министрліктің ресми жауабында.

Тергеу мүддесіне байланысты өзге мәліметтер жарияланбайды.

Бұған дейін, қазан айының екінші жартысында, Екатерина Бивол әлеуметтік желілерде тараған бейнежазбаларда қазақтар мен қырғыздарға қатысты балағат сөздер айтып, қорлайтын пікірлер білдірген. Бұл – оның осындай мазмұндағы бірінші әрекеті емес.

Еске салайық, 27 қазанда Қырғызстан соты да Екатерина Биволға қатысты ұлтаралық араздық қоздыру бабы бойынша қамауға алу жөнінде ордер берген болатын.

Фото: әлеуметтік желі

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары