Қазақстан Ресейге шешен оппозиционері Мансур Мовлаевті экстрадициялауға келісім берді, деп хабарлайды Malim.kz. DW-ге сілтеме жасап.
Экстрадиция шешімі күшіне енгеннен кейін 30 күн ішінде жүзеге асырылуы тиіс.
Шешім қабылданған күні адвокат Мұрат Адам Facebook желісінде хабарлады. Құжатқа Қазақстан Бас прокуратурасының орынбасары Асхат Жұмағали қол қойған.
Адвокаттың айтуынша, 11 ақпанда Мовлаевке елде босқын мәртебесін беру туралы өтініштің соттағы алдын ала тыңдалымы болатын. Сондықтан қорғау тобы бүгінгі шешімді заңсыз деп санайды. Олар прокуратураның сот шешімі шықпай тұрып экстрадиция жөнінде шешім қабылдауға құқығы жоқ екенін атап өтті.
Қолдау көрсетушілер Мовлаевтің Ресейде азапталу немесе өлім қаупі бар екенін ескертеді және журналистерді, қоғам белсенділерін, сондай-ақ БҰҰ арнайы баяндамашыларын араласуға шақырады.
Мансур Мовлаев өз ашық хатына жазғандай, Қазақстанды өз өліміне қатысушы болмауға шақырған. Құқық қорғаушылардың мәліметінше, Ресей прокуратурасы Қазақстан әріптестеріне саяси қудалау мотиві жоқ екенін растаған және белсендіге қысым көрсетілмейтініне уәде берген. Адвокаттар жағдайды бұрын Ресейге экстрадицияланған басқа чечен белсендісі Салман Тепсуркаевтің оқиғасымен салыстырады, ол кейін қайтыс болған.