Қазақстан тумасы Санжар Әбішев Лондонның беделді Сент-Джеймс ауданында мэр болып сайланды, деп хабарлайды Malim.kz.
Әбішевтің жеке маркетингтік агенттігі бар және ол Ұлыбританияның Консервативті партиясының белсенді мүшесі.
Лондондағы Сент-Джеймс ауданы мэрінің сайлауында Консервативті партия атынан түскен Санжар Әбішев жеңіске жетті. Ол 2,3 мың дауыс ішінен қарсыласынан 350 дауысқа озып шықты.
Сайлау қорытындысы мен нәтижелер жарияланған видеоны танымал қазақстандық кәсіпкер, Kusto Group компаниясының негізін қалаушылардың бірі Қанат Қопбаев әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті.