Malim.kz
Қоғам

Қазақстан туралы даулы мәлімдеме жасаған ресейлік блогер елден шығарылды

Айбын Атабай
instagram.com/fassoollka, Астана полициясы

Әлеуметтік желіде Fassoollka лақап атымен танымал ресейлік стример Ксения Гузаева Қазақстан туралы даулы мәлімдемелері үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылып, елден шығарылды, деп хабарлайды Malim.kz сайты Stan.kz сайтына сілтеме жасап. 

Астана полициясының мәліметінше, әлеуметтік желілерді мониторингтеу барысында шетел азаматы Г.К.-ның арандатушылық және әдепке жатпайтын пікірлер айтқан тікелей эфирлері анықталған.

Сот шешімімен оған айыппұл салынды. Сонымен қатар заңнамаға сәйкес, ел аумағынан шығарылып, Қазақстанға кіруіне бес жылға шектеу қойылды.

Бұған дейін Ксения Гузаева тікелей эфирде Қазақстанды «Мамбетстан», «Штрафстан» деп атап, қазақ халқына қатысты балағат сөздер айтқан. Сондай-ақ Павлодарды «Ресейдікі» деп атаған. Оның бұл сөздері әлеуметтік желіде үлкен наразылық тудырған еді.

Айбын Атабай
Автордың басқа материалдары