Malim.kz
Қоғам

Қазақстан халқының саны 20,5 миллион адамға жуықтады

Айбын Атабай
ашық дереккөз

Ұлттық статистика бюросының есебіне сәйкес, 2026 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша Қазақстан халқының саны 20 495 975 адамға жеткен, деп хабарлайды Malim.kz.

Халқы екі миллионнан асатын екі өңір тіркелді. Олар: 

Алматы қаласы — 2 347 924 адам

Түркістан облысы — 2 148 658 адам

Халқы бір миллионнан асатын өңірлер:

Астана қаласы — 1 638 233 адам

Алматы облысы — 1 596 331 адам

Шымкент қаласы — 1 293 648 адам

Жамбыл облысы — 1 215 373 адам

Қарағанды облысы — 1 131 287 адам

Ең аз халық саны Ұлытау облысында тіркелген — 218 993 адам.

Халықтың көші-қон есебінен азаюы Жамбыл, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарында, сондай-ақ Абай, Жетісу және Ұлытау облыстарында байқалған.

Қазақстанда қалада тұратын адамдардың саны 13 029 803, ал ауыл халқының саны 7 466 172 адамға жеткен.

Айбын Атабай
Автордың басқа материалдары