Malim.kz
Оқиға

Қазақстан жолдарында жыл сайын 300-ден астам бала көз жұмады

Арман Қайыпхан

Елімізде жыл сайын жол-көлік оқиғаларынан 300-ден астам бала қайтыс болып, 4 мыңнан аса бала жарақат алады. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі хабарлады.

Ведомство мәліметінше, биылғы жылдың алғашқы төрт айының өзінде 2 мыңнан астам жол апаты тіркелген. Оның салдарынан 67 бала қаза тауып, шамамен 3 мың бала жарақат алған.

Алда жазғы демалыс. Бұл – балалардың көбірек көшеде жүретін уақыты. Осыған байланысты полиция ата-аналарды балаларына мұқият болуға шақырып, барша азаматтарды бейжай қарамауға үндеп отыр.

Сонымен қатар ІІМ елімізде “Назар аударыңыз – балалар!” атты жедел-профилактикалық іс-шара басталғанын хабарлады. Бұл шара кәмелетке толмағандардың жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.

Фото: pixabay

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары