Malim.kz
Қоғам

Қазақстанда 170-тен астам стоматологиялық клиника жабылды

Арман Қайыпхан
Фото: freepik.com

Қазақстанда стоматологиялық клиникаларға жүргізілген жоспардан тыс тексерулерден кейін ондаған медициналық мекеменің жұмысы тоқтатылды, деп хабарлайды Malim.kz.

Денсаулық сақтау министрлігінің 19 наурыздағы мәліметіне сәйкес, тексеру тізіміне 622 стоматологиялық клиника енгізілген. Қазіргі уақытта олардың 392-сі тексеріліп үлгерген.

Бақылау нәтижесінде 103 клиникада ешқандай заңбұзушылық анықталмаған. Ал қалған мекемелерде түрлі кемшіліктер тіркеліп, тиісті шаралар қабылданды.

Қорытындысында 174 стоматологиялық клиниканың қызметі тоқтатылды. Оның ішінде 56 мекеме медициналық қызмет көрсету лицензиясын өз еркімен тапсырған.

Ведомствоның мәліметінше, кейбір жағдайларда клиникалардың жұмысы 30-дан 90 күнге дейін уақытша тоқтатылған.

Сонымен қатар, жекелеген медицина қызметкерлері 30 күнге дейін кәсіби міндеттерін атқарудан шеттетілген.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары