23 ақпанда Қазақстанның барлық аймақтарында қолайсыз ауа райы күтіледі – қар, боран, тұман, көктайғақ, деп хабарлайды Malim.kz.
Желдің жылдамдығы кей жерлерде 15–28 м/с жетеді.
Аймақтар бойынша негізгі болжам:
Астана: қар, боран, көктайғақ; солтүстік-батыс жел 15–20 м/с.
Батыс Қазақстан облысы: тұман, жел 15–20 м/с.
Түркістан облысы, Шымкент: тұман; солтүстік-шығыс жел 15–20 м/с.
Қызылорда облысы: тұман, жел 15–20 м/с.
Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл: қар, боран, тұман; жел 15–20 м/с.
Қостанай облысы: қар, боран, тұман; жел 15–20 м/с.
Маңғыстау облысы: тұман; жел 15–20 м/с.
Ұлытау облысы, Жезқазған: қар, төменгі боран, тұман; жел 15–20 м/с.
Қарағанды облысы, Қарағанды: қар, боран, тұман; жел 15–20 м/с.
Жамбыл облысы, Тараз: тұман; жел 15–20 м/с.
Абай облысы, Семей: қар, боран, көктайғақ; жел 15–23 м/с.
Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен: қар, боран, кей жерлерде қатты қар; жел 15–28 м/с.
Павлодар облысы, Павлодар: қар, боран, кей жерлерде қатты қар; жел 15–25 м/с.
Ақтөбе облысы, Ақтөбе: тұман.
Алматы облысы, Алматы, Қонаев: тұман; жел 15–20 м/с.
Ақмола облысы, Көкшетау: қар, боран, көктайғақ; жел 15–20 м/с.
Жетісу облысы, Алакөл аймағы: тұман, жел 15–28 м/с.
Жолда және далада абай болу, қажетсіз шығынды азайту үшін көшеге шығуды шектеу ұсынылады.