Malim.kz
Құқық

Қазақстанда 3 мыңнан астам жасөспірім полиция есебінде тұр

Сабина Асқарқызы
ІІМ

Елімізде қазіргі уақытта 3 мыңнан астам бала полицияның есебінде тұр. Бұл туралы Үкімет отырысында Ішкі істер министрі Ержан Сәденов мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz.

Министрдің айтуынша, құқық қорғау органдары мінез-құлқында тәуекелі жоғары жасөспірімдерді анықтап, тұрақты бақылауда ұстап отыр. Олармен профилактикалық жұмыстар жүргізіліп, әлеуметтік пайдалы еңбекке және спорттық іс-шараларға тарту шаралары қолға алынған.

Алайда бұл бағыттағы жұмыстар барлық өңірде бірдей деңгейде жүзеге аспай отыр. Ержан Сәденовтің сөзінше, жергілікті атқарушы органдар мұндай балалардың тек 60 пайызын ғана тиісті шаралармен қамтыған.

Осыған байланысты әкімдіктерге жазғы демалыс кезеңінде оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға ерекше назар аудару ұсынылды.

Министр сондай-ақ балалар қауіпсіздігіне қатысты алаңдатарлық жағдайларға тоқталды. Оның айтуынша, соңғы уақытта балалардың терезеден құлауы, су айдындарында қаза табуы және жол-көлік оқиғаларына түсу фактілері көбейген. Осыған байланысты ІІМ алдын алу және түсіндіру жұмыстарын күшейтіп жатыр.

Сабина Асқарқызы
Автордың басқа материалдары