Malim.kz
Қоғам

Қазақстанда 30 тамызда ауа райы қандай болады?

Арман Қайыпхан
Фото: Wikipedia

«Қазгидромет» 2026 жылғы 30 тамызға арналған Қазақстан бойынша ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Malim.kz.

Жексенбі күні еліміздің басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Солтүстік өңірлерде түнде жаңбыр мен қар, күндіз қатты жаңбыр күтіледі. Кей жерлерде бұршақ жауып, дауылды жел соғуы мүмкін.

Батыс және солтүстік-батыс өңірлерде жауын-шашынсыз ауа райы болжанады.

Республика бойынша жел күшейеді, ал оңтүстік облыстарда шаңды дауыл болуы ықтимал. Түнде және таңертең солтүстік, шығыс және орталық өңірлерде тұман түседі.

Сонымен қатар бірқатар өңірде жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары