Malim.kz
Қоғам

Алимент қарызы 18 млрд теңгеден асты

Айгүл Таңатар
https://jurservice.kz

Қазақстанда алимент төлемей жүргендердің берешегі 18 млрд теңгеден асқан. Әділет министрлігінің мәліметінше, алимент төлеуден жалтарып жүрген 12 мыңға жуық адам бар. Олардың арасында 7 мыңнан астам әйел де бар.

25 тамыздан бастап алимент төлемдерін аударудың жаңа тәртібі енгізіледі. Енді өндірілген алимент қаражаты арнайы банктік шотқа аударылады. Ол үшін алимент алушы екінші деңгейлі банктен арнайы шот ашып, оның реквизиттерін сот орындаушысына ұсынуы қажет.

Жаңа тәртіп бойынша арнайы шоттағы алимент қаражаты басқа міндеттемелер бойынша өндіріп алудан қорғалады. Ал шоттың болмауы борышкерді алимент төлеу міндетінен босатпайды. Қалыптасқан берешек те сақталып, есептеле береді.

Алимент төлеуден жалтарудың негізгі мәселелерінің бірі – борышкерлердің ресми табысының болмауы немесе табысын жасыруы. Бұл бағытта борышкерлерді жұмысқа орналастыру және алимент берешегін өндіру шаралары да жүргізіліп жатыр.

Айгүл Таңатар
Автордың басқа материалдары