Malim.kz
Қоғам

Қазақстанда әскерге шақыру үдерісі цифрландырылады

Арман Қайыпхан
Фото: gov.kz

Үкімет азаматтарды әскери қызметке шақыру қағидаларын жаңартты. Негізгі жаңашылдық – Қорғаныс министрлігінің цифрлық жүйесін (ҚР ҚМ ЦЖ) іске қосу, деп хабарлайды Malim.kz.

Бұл жүйе арқылы дербес әскери есеп жүргізіліп, әскерге шақырылушылардың деректері тексеріледі және мемлекеттік органдар арасында ақпарат алмасу жүзеге асырылады.

Енді шақыру комиссияларының шешімдері, медициналық тексеру нәтижелері мен әскерге шақыру туралы бұйрықтар электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) арқылы электронды форматта рәсімделеді.

Сондай-ақ азаматтар әскерге аттанар алдында жеке деректерін жинауға және өңдеуге келісім береді. Бұл мәліметтер цифрлық есепке алу картасына енгізіледі.

Бұдан бөлек, билік әскерге шақырылушыларды іріктеудің жаңа тәртібін бекітті. Басымдық алдымен Мемлекеттік күзет қызметі мен ҰҚК Шекара қызметіне беріледі. Одан кейін Ұлттық ұлан жасақталады.

Жаңа қағидалар 4 шілдеден бастап күшіне енеді, ал жекелеген нормалар 12 шілдеден бастап қолданыла бастайды.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары