Қазгидромет 21-23 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Malim.kz.
Синоптиктердің мәліметінше, Мәскеу маңынан жылжыған циклон және онымен байланысты атмосфералық фронттар Қазақстан аумағында тұрақсыз ауа райын қалыптастырады.
Елдің басым бөлігінде жаңбыр жауып, 23 сәуірде оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде нөсер жаңбыр күтіледі. Күндіз найзағай ойнап, кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін. Сондай-ақ республика бойынша желдің күшеюі болжанып отыр. Түнгі және таңғы уақытта тұман түсуі ықтимал.
Ауа температурасы біртіндеп төмендейді. Батыс Қазақстанда күндіз 7-17 градус жылы, солтүстікте 13-20 градус, орталықта 15-23 градус, ал оңтүстік пен оңтүстік-шығыста 15-20 градус жылы болады.