Malim.kz
Қоғам

Қазақстанда доллар арзандады

Malim Админ

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда қорытындысы бойынша бір доллардың бағасы 497,88 теңгені құрады. Осылайша 3,95 теңгеге арзандады, деп хабарлайды malim.kz

Ұлттық банктің бүгінгі күнге бекіткен ресми бағамы 501,31 теңге.

Kurs.kz сайтының мәліметінше қазір Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде бір доллар 502,89 теңгеден, Астанадағы ақша айырбастау пунктерінде 504,64 теңгеден сатылып жатыр.

Айта кетейік, доллар 10 ақпанда 0,52 теңгеге, 11 ақпанда 3,48 теңгеге, 12 ақпанда 4,94 теңгеге арзандаған болатын.

Фото: zakon.kz

Malim Админ
Автордың басқа материалдары