Malim.kz
Экономика

Қазақстанда доллар бағасы қымбаттай бастады

Сабина Асқарқызы
Фото: Depositphotos

Қазақстан қор биржасы қорытындысы бойынша 20 сәуірдегі күндізгі саудада доллардың орташа өлшенген бағамы 469,49 теңгені құрап, 0,14 теңгеге өсті, деп хабарлайды Malim.kz.

Қазақстан Ұлттық Банкі белгілеген ресми курс осы күнге 469,52 теңге деңгейінде қалыптасты.

Kurs.kz деректеріне сәйкес, айырбастау пункттеріндегі орташа бағамдар:

Алматыда долларды сатып алу – 467,3 теңге, сату – 470 теңге;

Астанада сатып алу – 466 теңге, сату – 473 теңге;

Шымкентте сатып алу – 468,12 теңге, сату – 470,78 теңге.

Айта кетейік, наурыздың соңы мен сәуірдің басында валюта бағамы құбылмалы болды. Дегенмен соңғы сауда нәтижелері нарықта салыстырмалы тұрақтылық сақталып отырғанын көрсетеді.

Сабина Асқарқызы
Автордың басқа материалдары