Malim.kz
Қоғам

Қазақстанда доллар қайта қымбаттай бастады

Сабина Асқарқызы
Фото: freepik

Қазақстанда доллар бағамы өсуді жалғастырып жатыр, деп хабарлайды Malim.kz.

9 сәуірдегі Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда қорытындысы бойынша АҚШ валютасының орташа өлшенген бағамы 479,82 теңгеге жетті. Бұл соңғы бір күнде 4,19 теңгеге өскен

Сонымен қатар Қазақстан Ұлттық банкінің 9 сәуірге арналған ресми бағамы 475,31 теңге деп белгіленді. Бұл көрсеткіш айырбастау пунктеріндегі бағамдармен салыстырғанда сәл төмен.

Аймақтардағы айырбастау пунктеріндегі доллар бағамы мынадай:

Алматыда долларды сатып алу бағамы орта есеппен 476,98 теңге, сату бағамы – 479,68 теңге;

Астанада сатып алу – 476,01 теңге, сату – 483,01 теңге;

Шымкентте сатып алу бағамы – 478,43 теңге, сату бағамы – 480,67 теңге.

Экономисттердің айтуынша, доллардың қымбаттауы бірнеше факторға байланысты. Оларға халықаралық нарықтағы АҚШ валютасының бағамы, мұнай мен металл бағасының өзгерісі, сондай-ақ ішкі экономикалық жағдай әсер етеді.

Сабина Асқарқызы
Автордың басқа материалдары