Қазақстанда қоғамдық орындарда кальян шегуге қатысты тыйымды қайта қарау мүмкіндігі талқыланып жатыр, деп хабарлайды Malim.kz.
Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарованың айтуынша, 2020 жылдан бері қолданыстағы толық тыйым өз тиімділігін толық көрсете алмаған.
Осыған байланысты қолданыстағы нормаларды қайта саралау қажеттігі туындаған.
Министрдің сөзінше, мұндай шектеулерді қайта қарау – халықаралық тәжірибеде бар үрдіс.
Қазіргі таңда Қазақстанда кальянды тек үй жағдайында ғана шегуге рұқсат етілген.
Еске салайық, кафе мен барларда кальян шегуге тыйым 2020 жылдың тамыз айында енгізілген болатын. Алайда көптеген мекеме бұл талапты толық сақтамай келеді.