Malim.kz
Қоғам

Қазақстанда кімге көлік тізгіндеуге тыйым салынған?

Сұлу Бөлек

Полиция Қазақстанда көлік тізгіндегендерге қатысты жас шектеуі мен тыйымдар туралы айтты, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі.

Полиция департаментінің мәліметінше, көлік жүргізуге қатысты жас шектеуі жоқ. Яғни, азамат 90 жаста болса да көлік тізгіндей алады. Алайда белгілі бір шектеулер бар.

"Қазақстанда жүргізуші куәлігін алатын тұлғаның жасы 18-ден кіші болмау керек. Сондай-ақ, заңда жоғары жас шектеуі белгіленбеген. Дегенмен жасы үлкен жүргізушілерге қатысты белгілі бір шектеулер бар. Бұл шектеулер көбіне денсаулық жағдайына байланысты болады және жүргізуші куәлігін ауыстыру немесе қайта тапсыру кезінде медицина қызметкерлерінің қорытындысына сүйеніп белгіленеді", – деп мәлімдеді ведомство.

Егер жүргізушіде келесідей диагноздар болса, оған жүргізуші куәлігі берілмейді немесе кезекті медициналық тексеріс кезінде құжаттан айырылады:

Психикалық бұзылыстар

Неврологиялық сырқаттар

Фото: pixabay.com

Сұлу Бөлек
Автордың басқа материалдары