Malim.kz
Қоғам

Қазақстанда Металлургтер күні атап өтілуде

Арман Қайыпхан
Фото: magnific.com

Металлургтер күні – металлургия саласында еңбек ететін мамандардың кәсіби мерекесі, деп хабарлайды Malim.kz.

Бұл күннің тарихы 1957 жылдан бастау алады, ал Қазақстанда 2003 жылғы Президент Жарлығымен мерекелер тізіміне енгізіліп, жыл сайын шілденің үшінші жексенбісінде атап өтіледі.

Металлургия – Қазақстан экономикасының негізгі тіректерінің бірі. Сала өңдеу өнеркәсібінің дамуына серпін беріп, мыңдаған адамды жұмыспен қамтып, құрылыс, көлік және машина жасау сияқты маңызды бағыттардың өркендеуіне ықпал етеді.

Қазақстан алтын, күміс, мыс, мырыш, қорғасын, темір, никель және басқа да пайдалы қазбалардың мол қорына ие. Осы байлық еліміздің индустриялық дамуы мен экономикалық өсуінің маңызды негізіне айналып отыр.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары