Malim.kz
Экономика

Қазақстанда мобильді аударымдарға салықтық бақылау күшейтіледі

Сабина Асқарқызы
Ашық дереккөзден

Ертеңнен бастап салық органдары қазақстандықтардың мобильді аударымдарын тексере бастайды, деп хабарлайды Malim.kz.

2026 жылдың бірінші тоқсаны аяқталып, банктік деректер Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіне (КГД) түсті. Енді осы мәліметтер негізінде күмәнді операциялар тексеріледі. Бұл туралы Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов мәлімдеді.

«Бұл деректерді алғаннан кейін біз оларды камералдық бақылау аясында пайдаланамыз — тиісті хабарламалар жолданады. Одан кейін салық есебі тапсырылған немесе түсіндірме берілген жағдайда міндет орындалды деп есептеледі», - деді ол.

Сонымен қатар ол туған күнге ақша жинау, ас беру, жаназа сияқты жағдайларда немесе кафеде есептескен кезде бір-біріне ақша аудару күмәнді операция ретінде қарастырылмайтынын атап өтті.

Алайда егер үш ай ішінде әртүрлі адамдардан 100-ден астам аударым түссе, бұл кәсіпкерлік қызметтің белгісі ретінде қаралуы мүмкін.

Мұндай жағдай анықталған кезде екі нұсқа ұсынылып отыр: 

- салық есептілігін тапсыру

- немесе тиісті түсіндірме беру. 

Сабина Асқарқызы
Автордың басқа материалдары