Құрбан айт мерекесіне санаулы күн қалды. Бүгінде еліміздің өңірлерінде құрбандыққа шалатын мал бағасы белгілі болды, деп хабарлайды Malim.kz kaz.inform.kz сайтына сілтеме жасап.
Ққойдың ең арзаны мен қымбаты арасындағы айырмашылық 140 мыңға жетті.
Еліміз бойынша бірнеше қалада баға өзгеге қарағанда төмен. Ақтөбе, Қарағанды, Орал мен Шымкент қалаларында баға 60 мың теңгеден басталады. Ал Алматы, Ақтау, Жезқазған, Талдықорған, Түркістан мен Тараз қалаларында 70 мың теңге және одан жоғары.
Өңірлердің көбінде баға 80 000 – 140 000 теңге аралығында. Петропавлда қой бағасы 75 000 – 120 000 теңге, Көкшетауда 80 000 – 120 000 теңге, ал Қызылордада 80 0000 – 110 000 теңге аралығында болса, Өскеменде баға 130 мың теңгеге, Қостанайда 150 мың теңгеге жетеді.
Еліміздің астанасында құрбандыққа шалынатын қой бағасы жоғары. Астана қаласында 90 000 – 170 000 теңге аралығында. Сонымен бірге Семей мен Қонаев қалаларында да баға 90 000 – 140 000 және 90 000 – 120 000 теңге аралығында.
Баға еліміздің батысы мен оңтүстік өңірлерінде де жоғары. Атырау қаласында қой бағасы 120 000 теңгеден басталып, 150 000 теңгеге дейін көтерілген. Ал Павлодарда 180 мың теңгеге, Жезқазғанда 160 мың теңгеге дейін жетті.
Еліміз бойынша қой бағасы Түркістан қаласында қымбат. Мұнда баға 70 000 теңгеден басталып, 200 000 теңгеге жеткен. Сатушылар бағаға сұраныстың артуы, сонымен бірге қойдың жасы мен тұқымы, қайда бағылғаны әсер еткенін айтады. Сарапшылардың айтуынша, мереке жақындаған сайын баға да өзгеруі мүмкін. Бағаға сұраныс, базардағы мал саны мен логистика және құрбандық шалатын орынның болуы әсер етеді.