Қазақстанда 10 адамның есімі "Құрылтай" деп аталған. Олардың жартысы 65 жастан асқан, ал ең үлкені – 80 жаста, деп хабарлайды Malim.kz.
Ұлттық статистика бюросының дерегінше, олардың алтауы – ер адам, төртеуі – әйел.
Бұл есімді иеленгендердің басым бөлігі Шығыс Қазақстан облысында тұрады. Мұнда төрт адам бар. Алматыда екі адам тіркелген. Ал Абай, Жамбыл, Қарағанды және Маңғыстау облыстарының әрқайсысында бұл есімді бір адамнан иеленген.
Қазақстанда Абай есімді қанша әйел бары анықталдыОқыңыз
"Құрылтай" есімді адамдардың жартысының жасы 65-тен асқан. Ең үлкені – 80 жаста. Сонымен қатар бұл есімді 30–34, 50–54, 55–59 және 60–64 жас аралығындағы адамдар да иеленген.