Malim.kz
Қоғам

Бүгін – Құрылысшылар күні

Арман Қайыпхан
Фото: ЖИ

Тамыз айының әр екінші жексенбісінде Құрылысшы күні аталып өтеді, деп хабарлайды Malim.kz.

Қазақстанда құрылыс саласы айтарлықтай қарқын алғаны атап өтіліп, жыл сайын миллиондаған шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, жаңа мектептер мен балабақшалар, медициналық мекемелер мен инфрақұрылымдық нысандар салынғаны айтылды.
Мәселен, тек соңғы бір жылда ел бойынша мыңдаған әлеуметтік нысан бой көтеріп, жүздеген шақырым инженерлік желілер мен жолдар жаңартылған.

Сондай-ақ жұмысшы мамандықтарының беделін артып, еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құрылыс саласы қызметкерлеріне лайықты еңбек жағдайларын қалыптастыру бағытындағы жұмыстар атқарылды.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары