Қазақстанда жеңілдетілген салық режимін қолданатын шағын және орта бизнес субъектілері үшін 200-нысанды тапсыру міндетін қайта қарау мәселесі талқыланып жатыр, деп хабарлайды Malim.kz.
Бұл мәселе премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен Салық кодексін енгізу жөніндегі жобалық кеңсенің 15- Салық кеңесшісі Айжан Балакешованың айтуынша, қазіргі таңда 200-нысанды тек ірі компаниялар ғана емес, аз қызметкері бар шағын бизнес өкілдері де тапсырады. Оның пікірінше, бұл кәсіпкерлер үшін қосымша әкімшілік жүктеме қалыптастырады.
«Бұл әкімшілік жүктемені арттырып, егжей-тегжейлі есепке алуды, қосымша бухгалтерлік шығынды талап етеді. Қателіктер мен айыппұл қаупі де артады», – деді Айжан Балакешова.
Алайда Мемлекеттік кірістер комитеті бұл есептіліктің қажеттілігін алға тартты. Ведомство өкілдерінің мәліметінше, 200-нысан жалдамалы жұмыскерлері бар компаниялар үшін әлеуметтік төлемдердің уақтылы есептелуі мен қызметкерлердің құқықтарын қорғауға мүмкіндік береді.
МКК төрағасының орынбасары Жаныбек Нұржанов қолданыстағы арнаулы салық режимі бұрынғыдан айтарлықтай ерекшеленетінін атап өтті.
«Бүгінгі таңда АСР қолдану шегі 2,6 млрд теңге. Компаниялар жылдық айналымы 103,8 млн теңгеге жеткен кезде еңбекақы төлеуге арналған шығыстар бойынша шегерімдерді пайдаланып, ҚҚС-қа тіркелмей жұмыс істей алады», – деді ол.
МКК деректеріне сәйкес, биыл ақпанда жеңілдетілген декларация тапсырған 1,2 млн салық төлеушінің 800 мыңға жуығында әлеуметтік төлемдер бойынша берешек анықталған. Комитет тоқсан сайынғы есеп беру жүйесі бизнеске жүктемені біркелкі бөліп, қарыздардың жиналу қаупін төмендетеді деп есептейді.
Талқылау қорытындысы бойынша Серік Жұманғарин шағын және орта бизнес субъектілері үшін 200-нысанды сақтау қажеттілігін қосымша талдауды тапсырды.