Қазақстанда блогер Mellstroy-ға іздеу жарияланды. Астананың Экономикалық тергеу департаменті танымал стримерді іздестіру жұмыстарын бастады, деп хабарлайды Malim.kz.
Іздеу жарияланғаны жөніндегі дерек Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу порталында орналастырылған.
Порталдағы мәліметке сәйкес, 26 жастағы Андрей Буримге қатысты іс 15 қараша күні Астанада тіркелген. Тергеуді Қаржы мониторингі агенттігі бастаған, алайда істің нақты себебі әзірге жария етілген жоқ.