Malim.kz
Қоғам

Қазақстанда ІІ дүниежүзілік соғысқа қатысқан қанша ардагер бар?

Сұлу Бөлек

Қазақстанда Ұлы Отан соғысының қанша ардагері бар? Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі өкілдері айтты, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі.

2025 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша, Қазақстанда 83 048 ардагер тұрады, оның 111 ардагері Ұлы Отан соғысына қатысқан. 

Бұдан басқа: 

2025 жылы бұл санаттардағы азаматтарға 4,3 млрд теңге сомасында арнаулы мемлекеттік жәрдемақы төленген. 2025 жылы осы мақсаттарға 17 млрд теңге қарастырылған.

Республикалық бюджеттен берілетін ай сайынғы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы ардагерлердің барлық санатына өзге де әлеуметтік төлемдерді алуына қарамастан мынадай мөлшерде төленеді:

1) ҰОС ардагерлеріне 16 АЕК (2025 жылы – 62 912 теңге);

2) жеңілдіктері бойынша ҰОС ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер, олардың ішінде:

3) басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері, оның ішінде:

4) ҰОС жылдарындағы тыл еңбеккерлеріне 2,13 АЕК (2025 жылы – 8 376 теңге).

Фото: Pixabay.com

Сұлу Бөлек
Автордың басқа материалдары