Malim.kz
Қоғам

Қазақстандағы жұмыссыздардың көбі – әйелдер

Руслан ЕРБОТА

Елімізде 2024 жылдың екінші тоқсанында жұмыссыздар саны 451 мың адамға жетті. Дегенмен, өткен жылмен салыстырғанда 0,4%-ға аз. Ал оның 53,8%-ы, яғни жартысынан көбі - әйелдер.

Бұл туралы Finprom.kz хабарлайды.

Әйелдер арасындағы жұмыссыздықтың ең жоғары деңгейі Жетісу, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарында және Алматы қаласында тіркелген.

Жетісу облысы: 7,1% (9,8 мың)

Маңғыстау облысы: 6,9% (12,1 мың)

Алматы (34,5 мың) және Батыс Қазақстан облысы (10 мың), онда көрсеткіш 5,8%-ды құрады.

Әйелдер арасындағы жұмыссыздықтың ең төмен деңгейі Алматы облысында (4,4% немесе 15,7 мың адам), сондай-ақ Астанада (4,5% немесе 16,4 мың адам) және Шығыс Қазақстан облысында (4,5% немесе 8,3 мың адам) байқалды.

Фото: km.dsp.gov.ua

Руслан ЕРБОТА
Автордың басқа материалдары