Malim.kz
Мәдениет

Қазақстандық актер Джеки Чанмен бірге киноға түспек

Айбын Атабай
instagram _omarov_rustem

Белгілі қазақстандық актер әрі сценарист Рүстем Омаров әлемге әйгілі Джеки Чанның халықаралық жобасына қосылды. Ол «Құдайдың сауыттары: Ультиматум» («Armour of God: Ultimatum») атты жаңа фильмде актер әрі сценарист ретінде бой көрсетпек, деп хабарлайды Malim.kz Skifnews.kz сайтына сілтеме жасап.   

Жаңа бөлім әйгілі экшн-франшизаның жалғасы болып табылады. Рүстем Омаров бұл жобаға Salem Entertainment компаниясының атынан қатысады.

«Мен бақыттымын: балалық шағымның кумирі Джеки Чанмен бір фильмде ойнайтын күн туады деп ойламаппын», – дейді Рүстем Омаров.

Киноиндустрия өкілдерінің айтуынша, бұл — отандық таланттардың халықаралық деңгейде мойындалуының тағы бір дәлелі.

Айбын Атабай
Автордың басқа материалдары