Malim.kz
Қоғам

Іздеуде жүрген танымал блогер Қайсар Камза Вьетнамда ұсталды

Сабина Асқарқызы
Ашық дереккөзден

Белгілі блогерді Қазақстан ІІМ Интерполмен бірлесіп Вьетнамның Камрань қаласында қолға түсірді, деп хабарлайды Malim.kz.

Бұған дейін ол заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырды деген күдікпен халықаралық іздеуге жарияланған болатын. ІІМ мәліметінше, ол әлеуметтік желілерде онлайн-казиноның жарнамалық бейнероликтерін жүйелі түрде жариялап, пайдаланушыларды құмар ойындарға тартқан.

«Құқыққа қайшы әрекеттерінің нәтижесінде күдікті 100 млн теңгеден астам заңсыз табыс тапқан. Қаражат оның атына тіркелген криптовалюта әмиянына аударылып отырған», - деді министрлік тарапы. 

Қазіргі уақытта оны Қазақстанға экстрадициялау мәселесі қарастырылып жатыр. ІІМ шетелге қашып кету қылмыстық жауапкершіліктен босатпайтынын атап өтті:

«Іздеуде жүрген әрбір адам анықталып, ұсталып, Қазақстанға жеткізіледі. Бұл - уақыт мәселесі ғана», -  деп жазыдған министрлік хабарламасында.

Сабина Асқарқызы
Автордың басқа материалдары