Malim.kz
Спорт

Қазақстандық теннисші Анна Данилина WTA 500 финалына шықты

• Мәди Саматұлы

Анна Данилина ресейлік Ирина Хромачевамен жұптасып, Гвадалахара қаласында өтіп жатқан WTA 500 турнирінің финалына шықты, деп хабарлайды Malim.kz.

Жартылай финалдық кезеңде қазақстандық-ресейлік дуэтке украиналық Валерия Страхова мен испан Ивон Реймерс қарсы болды. Матч 64 минутқа созылды. Бірінші сетте Данилина мен Хромачева қарсыластарын 6:1 есебімен жеңді. Екінші бөлікте 6:4 есебімен жеңілді.

Бүгін сағат 21:00-де Анна Данилина мен Ирина Хромачева финалда ресейлік теннисші Камилла Рахимова мен Грузия өкілі Ольга Калашниковамен кездеседі.

Фото: ҰОК

Мәди Саматұлы
Автордың басқа материалдары