Malim.kz
Қоғам

Қазақстандықтар ұшақта отырып-ақ жоғары жылдамдықты интернетке қосыла алады

Айбын Атабай
Фото: ChatGpt

Қазақстандық жолаушылар алдағы уақытта ұшақта отырып-ақ жоғары жылдамдықты интернетті пайдалана алуы мүмкін. Бұл мәселені Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Телекоммуникациялар комитеті Air Astana және Viasat компанияларының өкілдерімен талқылады, деп хабарлайды Malim.kz.

Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, кездесу барысында жолаушыларды әуе сапары кезінде тұрақты интернетпен қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін жобаны іске асыру перспективалары қарастырылды.

Тараптар жобаны құқықтық реттеу, техникалық тұрғыдан жүзеге асыру және әуе кемелерінде спутниктік байланысты қолданудың халықаралық тәжірибесін зерделеу мәселелеріне ерекше назар аударды.

Келіссөз қорытындысында тараптар ынтымақтастықты дамытуға мүдделі екенін растады және жобаны бірлесіп пысықтау жұмыстарын жалғастыруға келісті.

«Технологияны Air Astana әуе компаниясының ұшақтарында пилоттық режимде сынақтан өткізу биылғы жылдың төртінші тоқсанына жоспарланып отыр», – делінген министрлік хабарламасында.

Айбын Атабай
Автордың басқа материалдары